Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапондар коронавирусқа қарсы өмір-бақи иммунитет қалыптастыратын вакцина жасамақ

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жапондар коронавирусқа қарсы өмір-бақи иммунитет қалыптастыратын вакцина жасамақ. Бұл істі Токиодағы медициналық ғылымдар институтының ғалымдары қолға алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар шешекке қарсы екпені негізге алып, зерттеуге кірісті. Бұл препарат 18 ғасырда дайындалған. Ал жаңа вакцинаны сынау жұмысы 2023 жылы басталады.

Сынаққа 150-200 адамдай қатысуға тиіс. Бұл тізімде COVID-19 жұқтырғандар, одан жазылған және вакцина салдырғандар да бар.

Бір анығы, бұған дейін құс тұмауымен ауырған тышқандарға да тәжірибе жасалған. Онда олардың бойындағы антиденелер 20 айдан астам уақыт сақталған.

Егер жаңа екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденсе, препарат нарыққа 2024 жылы шығуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949607-zapondar-koronavirusqa-qarsy-omir-baqi-immunitet-qalyptastyratyn-vakcina-zasamaq/

pixel