Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді

Жарияланған күні:

Фото
Оқиға орны. Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысының Панфилов ауданында бес жасөспірім мінген Nissan Cefiro аударылды. Жол апатынан кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлер быт-шыты шыққан автокөліктің видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Ролик авторы жол апаты Көктал-Әулиеағаш тас жолында 3 қаңтарға қараған түні болғанын айтады. Оқиға салдарынан бірнеше бала мерт болған.

Алматы облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Анықталғандай, Nissan Cefiro көлігін Көктал ауылының 15 жастағы жасөспірімі айдаған. Бала рөлге ие бола алмай, көлік ауыл арасындағы жолда аударылған.

"Оқиға орнында жүргізушінің өзі және 14-15 жастағы екі жолаушы бала ажал құшты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу аясында бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Сондай-ақ полицейлер автокөлік иесін жауапқа тартуды көздеп отыр. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 349-бабы 4-тармағы (Көлік жүргізуге құқығы жоқ жүргізушінің көлiкті басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық тергеу қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949678-almaty-oblysynda-zol-apatynan-us-zasospirim-koz-zumyp-tagy-ekeui-auruxanaga-zetkizildi/