Бүгін - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
Жарияланған күні:
Террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты елімізде 10 қаңтар жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын", - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қаңтар күні жария еткен өкімінде.
Денсаулық сақтау министрлігінің 9 қаңтар күні жария еткен ресми мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктер кезінде 164 адам қайтыс болған.
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан:
- Алматыда 103 адам (оның ішінде екеуі бала);
- Қызылорда облысында 21 адам;
- Жамбыл облысында 10 адам;
- Алматы облысында 8 адам қаза тапты.
Сондай-ақ, 9 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған қызметкерлерді наградтады.
Әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталғандардың тізімін Ақорда ресми сайтында жария етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950154-bugin-qazaqstanda-zalpyulttyq-aza-tutu-kuni/