Қазақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан 164 адам қаза тапты

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктер кезінде 164 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік салдарынан:

  • Алматыда 103 адам (оның ішінде екеуі бала);
  • Қызылорда облысында 21 адам;
  • Жамбыл облысында 10 адам;
  • Алматы облысында 8 адам қаза тапты.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздіктерден 4 жасар қыз бала мен 11 жасар жеткіншек қайтыс болғанын хабарлаған едік. Тағы екі бала жарақат алды. Балалар омбудсмені Аружан Саин бұл ақпаратты растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950092-qazaqstandagy-tartipsizdikter-saldarynan-164-adam-qaza-tapty/

jitsu gif