Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрып-соғып, киімімізді жыртты": Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде Әйтеновтің орынбасарына шабуылдаған

Опубликовано:

Максут Исахов
Максут Исахов. Фото: gov.kz

5 қаңтарда Шымкентте митинг басталып, оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Елді дүрліктірген оқиғаларк езінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа да шабуыл жасалған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақсұт Исахов сол күні басынан өткен жайтты әңгілемеп берді.

"Мен бейбіт шеру болса түсінер едім, бірақ онда бандиттер болды. Ешкім бұлай болады деп ойлаған жоқ. 5 қаңтарда біз жедел штабта едік. Адамдар әкімдік ғимаратының алдына түнгі екілер шамасында жинала бастады. Олардың саны шамамен 5000-дай болды. Біз халыққа шығуымыз керек деп шештік.

Мен шықтым. Менімен бірге көмекшім және Шымкент полиция департаментінің бірінші орынбасары болды. Біз микрофон қоспақ болғанбыз. Алайда адамдар өз талаптарын айғайлап айтып жатты, нақты талап болған жоқ", - дейді Мақсұт Исахов.

Шымкент әкімі орынбасарының сөзінше, оған жиналғандардың біреуі несиесін жауып беруін, енді бірі пәтер беруді, арыз жазып, орнын босатуын талап еткен.

"Біз митингке шыққандар арасынан бірнеше өкілді жинап, барлық сұрақты әкімдікте талқылауды ұсындық, бірақ бұл мүмкін болмады. Адамдар бір-бірін тыңдаған жоқ. Олар нақты ештеңе ұсынған жоқ, микрофон үшін таласып, тартысты. Біз ештеңе түсінбей тұрып қалдық. Содан кейін мынандай талап қойылды - әкімдікті беріп, билікті солардың қолына беру және полицияның өздеріне бағынуы", - дейді қала әкімінің орынбасары.

Айтуынша, қалың топтың арасында жетекшісі болмағандықтан биліктің нақты кімге берілуі тиіс екені түсініксіз болған.

"Содан соң шабуыл басталды, басымнан ұрды. Бізді ұстап алып, белгісіз бағытқа қарай сүйреді, киімімізді жыртып, аяғымыздан теуіп, телефонымызды тартып алды. Біздің солдаттар мен полиция көзден жас шығаратын газ жіберген кезде ғана мен олардан қашып құтылдым.

Жолға шығып, бір көлікті тоқтатып отырдым, ол жігіт мені ауруханаға жеткізіп тастады. Ол жерде маған миым шайқалғанын айтты, соған қарамастан жұмыс істеуім керек деп шештім. Артынша, өз нөміріме қоңырау шалдым.

Сөйтсем менің телефонымды бір жас жігіт алыпты, маған қайтарып берді, сол үшін оған рахмет айтамын. Сосын мен әкімге телефон соғып, жаңа штабқа бардым, сол жақта бәріміз жұмысымызды жалғастырдық", - дейді Масқұт Исахов.

Шымкент әкімінің орынбасары қазір өзін жақсы сезінетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950323-uryp-sogyp-kiimimizdi-zyrtty-symkenttegi-tartipsizdik-qatysusylary-aitenovtin-orynbasaryna-sabuyldagan/

pixel