Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысы болуы мүмкін күдікті ұсталды

Жарияланған күні:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тәртіп сақшылары Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қазақ тапқан Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысы болуы мүмкін күдіктіні ұстады. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство Қызылордадағы 5 қаңтарда орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бірнеше полиция қызметкері жарақат алғанын, сонымен бірге, 5547 әскери бөлімшесінің (Ұлттық ұлан) сарбазы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқанын еске салды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 380-1-бабы 2-бөлігі 15-тармағы (Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде кісі өлтіру) және 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (өзге адамдардың өміріне қауіп тудыратын тәсіл арқылы әскери қызметкердің өміріне қол сұғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Арнайы іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері сарбаздың өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстап, уақытша қамау изоляторына қамаған.

"Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеу құпияларына сай өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген өңірлік полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кету керек, бұған дейін қызылордалық ұлттық ұлан жауынгері Мадияр Қайсаров әскери тапсырма орындау кезінде ерлікпен қаза тапқаны белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950417-qyzylordada-ulttyq-ulan-sarbazynyn-olimine-qatysy-boluy-mumkin-kudikti-ustaldy/