Тоқаев: ҰҚК департамент басшылары ғимарат пен құпия құжаттарды қарсылықсыз тапсырған

Опубликовано:

Алматы
Алматы, 6 қаңтар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін мәжілістегі отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде содырлардың жасырын ұяшықтары бар екенін және мемлекет олардың командалық пунктінің қызметін назардан тыс қалдырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Неліктен біздің еліміздің аумағында заңсыз қару-жарақ пен арнайы құралдар көп болды? Неліктен терроризм объектілерін анықтау және бейтараптандыру бойынша агенттік жұмыс жүргізілмеген? Арнайы жедел-тергеу тобы өз жұмысын сапалы және толық көлемде орындауы, трагедияның барлық себептері мен егжей-тегжейін ашуы тиіс", - деді президент.

Мемлекет басшысы ІІМ мен қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің батылдығын ерекше атап өтті.

"Бүгін, осы қаралы күндер артта қалғанда террористік агрессияға тойтарыс беруде ІІМ арнайы күштері жауынгерлерінің батылдығын атап өткім келеді. Мысалы, Алматыда екі түн қатарынан полицияның шағын тобы полиция департаментінің ғимаратын басып алуға тырысқан лаңкестердің шабуылына тойтарыс берді.

Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері өздерін лайықты көрсете білді. Алайда, бәрі бірдей өз міндеттеріне адал болған жоқ. Бірқатар қалада ҰҚКД басшылары жеткілікті әскери арсеналға қарамастан, ұрысқа кіріспестен қызметтік ғимараттарды тастап, онда құпия құжаттарды қалдырған", - дейді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950469-toqaev-uqk-departament-bassylary-gimarat-pen-qupiya-quzattardy-qarsylyqsyz-tapsyrgan/