Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде әскери КАМАЗды басып алған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде әскери КАМАЗды басып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы ұсынды.

Ведомство мәліметінше, қолға түскен ер адам 27 жастағы Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шыққан.

Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды.

Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні "Өжет" ықшам ауданында ұстағанын мәлімдеді.

Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы "Сайга" мылтығы тәркіленді.

Қылмыстық жолмен алынған тағы бірнеше атыс қаруын Алатау аудандық полиция қызметкерлері үш қасқөйден анықтады.

Қару-жарақ сататын дүкендерді тонау нәтижесінде олар "Аta-аrms", "Remington-700" және "Sauer-202" мылтықтарын оқ-дәрілерімен бірге заңсыз иемденген.

Күдіктілер қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950516-almatyda-tartipsizdikter-kezinde-askeri-kamazdy-basyp-algan-er-adam-ustaldy/

jitsu gif