Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Дикий Арман" екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Жабайы Арман
Фото: Instagram/ armandzhumageldiev

Көпшілікке "Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан сотының санкциясы бойынша екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады",- делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеуге қатысты ақпарат ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Айта кетейік, Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы ақпарат БАҚ беттерінде 7 қаңтар күні пайда болды. Ол Алматыдағы арнайы операция барысында бес адамнан құралған топпен бірге ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950575-atysuly-dikii-arman-eki-aiga-qamauga-alyndy/

pixel