Алматы қаласы мен Қызылорда облысында БЖЗҚ кеңселерінің жұмысы қайта жанданды

Опубликовано:

БЖЗҚ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы және Қызылорда облысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызмет көрсету кеңселері жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары мен алушыларын Алматы қаласындағы Шевченко көшесі, 80-ші үйде орналасқан филиалдың, сонымен қатар Алматы қаласына іргелес Есік, Қапшағай, Қаскелең, Өтеген батыр, Талғар қалаларындағы және Ұзынағаш ауылындағы қызмет көрсету орталықтарының 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап жұмысы қайта жанданғанын хабардар етеді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Қызылорда облысындағы қызмет көрсету кеңселері де тікелей қызмет көрсетуге кіріскен.

БЖЗҚ ел аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін барлық филиал сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін ашық болатынын, одан бөлек, байланыс орталығы да жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында қызмет көрсететінін атап өтті.

Сонымен бірге, аймақтарда интернет қосылуына байланысты БЖЗҚ қызметтерін онлайн алуға болады.

"Зейнетақы жинақтарының сақталуын, қауіпсіздігін және үздіксіз есепке алынуын қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-ның барлық ішкі ресурстары мен инфрақұрылымы штаттық тәртіпте жұмыс істейді", - дейді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950804-almaty-qalasy-men-qyzylorda-oblysynda-bzzq-kenselerinin-zumysy-qaita-zandandy/

jitsu gif