Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев елдің бірқатар өңірінде ТЖ режимінің күшін жойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимінің күшін жою туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

"Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын", - делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950852-toqaev-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-tz-reziminin-kusin-zoidy/

pixel