Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаппай тәртіпсіздік: Елімізде фото, видеоны жасырын жүктеуге болатын сайт іске қосылды

Опубликовано:

ноутбук
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Бас прокуратурасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz веб-сайтын іске қосты. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Бас прокуратураның мәліметінше, бұл сайтта азаматтар жуырда болған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.

Одан бөлек, ведомство қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Сонымен қатар, азаматтарға Call-center-115 нөміріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз", - дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950926-zappai-tartipsizdik-elimizde-foto-video-zane-audiozazbalardy-zasyryn-zukteuge-bolatyn-sait-iske-qosyldy/

pixel