Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйге кіріп келді": Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде жоғалып кеткен жігіт бір аптадан соң оралды

Опубликовано:

Дәурен Жайсаңбаев үйіне оралды
Дәурен Жайсаңбаев үйіне оралды: https://www.instagram.com/gulmir_ktk/

Қаңтар айының басында Алматыда болған тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен Дәурен Жайсаңбаев бүгін аман-есен табылды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кеше ғана бәріміз шарқ ұрып іздеген алматылық Дәурен Жайсаңбаев аман-есен табылды. 5 қаңтар күні антенна орнатуға жұмысқа кетіп, содан ұшты-күйлі хабарсыз жоғалған жігіт қайда болды?

Айтуынша, ТИ-18 (СИ) тергеу кезегін күткен. Қамалған адам көп болғандықтан, өзінің қылмысқа, тонауға, бүлікке қатысы жоғын анықтау үшін бір апта өтіпті.

Менің кешегі жазбамды бас комендант Таймерденов оқыды ма, әлде, Дәуреннің бағы дәл осы күнге түсті ме, бүгін таңғы сегізде үйінің есігін ашып, кіріп келген.

Қаңтар көтерілісінде ізі қайым жоғалған әр жан осылай отбасына аман-есен оралсын деп тілейікші", - деп жазды танымал журналист.

Еске сала кетейік, Дәуреннің жоғалғаны туралы оның туыстары хабарлады. Ол 5 қаңтар күні әдеттегідей жұмысына кетіп, содан оралмаған болатын.

Айта кетелік, еліміздің Бас прокуратурасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz веб-сайтын іске қосты.

Бұл сайтта азаматтар жуырда болған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950992-almatydagy-tartipsizdik-kezinde-zogalyp-ketken-zigit-bir-aptadan-son-uiine-oraldy/

pixel