Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Полиция департаментіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды (видео)

Опубликовано:

Тәртіпсіздік
Видеодан кадр: ҚР ҰКК

Қазақстанның бірнеше өңірінде полицияға шабуыл жасаған және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Комитет дерегінше, Талдықорған қаласының полиция департаментіне жасалған шабуылға және тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 8 адам және Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер мен тонауларға қатысы бар деген күдікпен тағы 8 адам (оның ішінде Орталық Азия республикаларының 4 азаматы) ұсталды. Қолға түскендердің полиция бөлімшелеріне берілгені белгілі болды.

11 қаңтарда Түркістан облысындағы "Шымкент" авиациялық өткізу пунктінде "Түркістан – Стамбул" бағытындағы КС-7425 рейсін ресімдеу кезінде Қызылорда қаласындағы митингтерге қатысқан және әлеуметтік желілердің мессенджерлері арқылы тәртіпсіздіктерге шығуға үндейтін материалдар таратқан Қазақстан азаматы анықталды. Күдікті Шымкент қаласының желілік полиция бөліміне тапсырылды.

10 қаңтарында Қостанай облысының "Обаған" (автомобиль) өткізу пунктінде тексеру жұмыстары барысында 1986 жылы туған Қазақстан азаматы, Тараз қаласының тұрғыны қолға түсті. Оның ұялы телефонынан күш құрылымдарының арнайы жарағын (қорғаныс дулығасы, жүк кеудешесі, металл қалқаны және резеңке таяқ) асынып түскен фотосуреті табылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу іс-шараларын жүргізу үшін күдікті Ұзынкөл аудандық полиция бөліміне берілгенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950993-uqk-policiya-departamentine-sabuyl-zasagan-kudiktiler-ustaldy-video/

pixel