Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігінің ғимараты қанша уақытта қалпына келеді (фото)

Опубликовано:

Алматы
Фото: Марат Қалдыбаев

Бүгін Алматыда БАҚ өкілдері қала әкімдігі ғимаратының ішкі көрінісін өз көздерімен көрді. Оңтүстік астана жайлы қала басқармасы ұйымдастырған пресс-турға жергілікті журналистермен қатар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де қатысты деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әкімдік аумағы үш күнде қоқыстан толық таратылады деген жоспар бар. Жұмысшылар ертеңгі сағат 8.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Әр жұмысшыға орта есеппен 6 мың теңге төленеді.

"Ішінде өрт болған соң, оның қандай жағдайда тұрғанын қазір білмейміз. Сарапшылар тексерген соң ғана біз жобалау жұмыстарын жасап, одан кейін құрылыс жұмыстарына кірісеміз. Сараптаушы компаниялар кіріп, техникалық зерттеу жасайды. Оны біз 10 күн ішінде бітіреміз деп отырмыз. Толық қорытындысын алған соң, ол ары қарай реконструкция жасала ма, қалпына келтіру жұмыстары бола ма, жобалау соған байланысты болмақ. Бүгінгі таңда 700-ге тарта жұмысшы тартылды. Барлығы 22 мердігер компания тазалауға көмектесіп жатыр. Одан соң бас мердігер компания анықталады. Біз 5-6 ай көлемінде жұмыс жүретін шығар деп ойлаймыз", - деді Алматы қаласы жайлы қала басқармасының басшысы Сапар Нұрашев.
Алматы
Фото: Марат Қалдыбаев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951034-almaty-akimdiginin-gimaraty-qansa-uaqytta-qalpyna-keledi-foto/

pixel