Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Қазақстанда карантинді күшейтетін жаңа қаулыға қол қойды

Жарияланған күні:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов елде коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтетін жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында хабарланды.

Құжатта Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс және демалыс күндері қалай жұмыс істейтіні көрсетілген:

  • "қызыл" аймақта тұрған өңірлерде түн ортасына дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары 02:00-ге дейін;
  • "сары" аймақта тұрған өңірлерде түнгі 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары 03:00-ге дейін;
  • "жасыл" аймақта тұрған өңірлерде түнгі 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары 05:00-ге дейін.

Сонымен бірге, бизнес нысандары демалыс күндері де жұмыс істей алады, алайда қызметкерлер мен келушілердің Ashyq-тағы мәртебесі "жасыл" болуы керек.

Одан бөлек, енді спорттық-сауықтыру және фитнес орталықтарға, йога орталықтарға, бассейндер, сауналар мен моншаларға кіру үшін азаматтарда "жасыл" мәртебе болуы тиіс.

Сондай-ақ, құжатта 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктер мен кинотеатрларға, балаларды сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қалааралық туристік тасымалдауларға, білім беру нысандарына кіруі Ashyq қосымшасында ерікті түрде QR кодын сканерлеу арқылы немесе ата-анасының, заңды қамқоршысының рұқсаты бар басқа қолданбалар арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Қаулының толық мәтінімен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 9 122 адамнан коронавирус инфекцияс анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951060-elimizdin-bas-sanitarlyq-darigeri-qazaqstanda-karantindi-kuseitetin-zana-qaulyga-qol-qoidy/