Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с. 15 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар күтіледі.

Түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

14 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі.

14 қаңтарда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ сақталады.

14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

14 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады.

Шымкент қаласында 14 қаңтарда түнде тұман күтіледі.

14 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951061-sinoptikter-birnese-onirde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel