Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 мыңнан астам адам ұсталды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

Алматы комендатурасының ақпараттық орталығы оңтүстік астананың 14 қаңтардағы таңғы жағдайын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, Алматының Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жүргізілген.

Нәтижесінде лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2159 қатысушысы ұсталды. 67 бірлік атыс қаруы мен 3112 оқ-дәрі тәркіленді.

Сонымен қатар, өткен тәуілікте "102" пультіне 754 хабарлама келіп түскен.

Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды.

Ведомство барлық хабарламалар дер кезінде өңделгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951121-almatyda-zappai-tartipsizdikke-qatysqan-2-mynnan-astam-adam-ustaldy/

jitsu gif