RU

"Наурызда шарықтау шегі": Алматының бас санитарлық дәрігері коронавирусқа болжам жасады

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова оңтүстік астанада коронавирус инфекциясының таралуының оптимистік және пессимистік сценарийін айтты. Оның сөзінше, қаладағы COVID-19 толқыны наурыз айында шарықтау шегіне жетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұның бәрі "омикрон" штамы халық арасында тез таралатынын және көп ұзамай "дельта" штамын алмастыратындығын көрсетеді. Біз келесі коронавирус толқынының шыңын осы жылдың наурыз айына болжап отырмыз", - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Оптимистік болжамға сәйкес наурыз айынының ортасында тәулігіне коронавирустың 2500 жағдайы тіркелсе, пессимистік сценарий бойынша 3800 жағдайы анықталмақ.

Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, "омикрон" штаммына тән Алматы қаласындағы эпидемиологиялық процестің ерекшеліктері - аса жоғары жұқпалылығы, иммунитетке төтеп беру қабілеті, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы және 20-30 жас аралығындағы азаматтардың зақымдануы байқалады.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. Өткен тәуліктің өзінде елімізде қауіпті дерт 10 418 адамнан анықталды. Олардың дені елорда мен Алматы қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951152-nauryzda-saryqtau-segi-almatynyn-bas-sanitarlyq-darigeri-koronavirusqa-bolzam-zasady/