Алматының АвтоХҚО-лары жұмысын қайта бастады

Опубликовано:

Халыққа қызмет көрсету орталығы
Көрнекі фото: egov.kz

Бүгіннен бастап Алматының мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істей бастады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК Алматы қаласы бойынша өкілі Жаңыл Әпетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, АвтоХҚО-лардың жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі-жұма аралығында болады.

"Сонымен қатар, ХҚО-лардағы құжаттандыру секторлары мен миграциялық ХҚО бөлімі де қайта іске қосылды. Мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамын онлайн алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламыз",- деді Жаңыл Әпетова.

Ол АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес берді. Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951166-almatynyn-avtoxqo-lary-zumysyn-qaita-bastady/

jitsu gif