Алматының бас санитарлық дәрігері: Pfizer-ді ақылы түрде салғызу қарастырылып жатқан жоқ

Опубликовано:

вакцинация
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаппарова брифинг кезінде халыққа ақылы түрде Pfizer вакцинасын салу мәселесі қарастырылып жатпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазіргі таңда Pfizer препаратымен медицина қызметкерлері мен 60-тан асқан тұлғаларға ревакцинациялау рұқсат етілген. Бұл Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылып, біздің де қаулымызда көрініс тапты. Pfizer препаратын ақылы түрде салғызу мәселесі өзекті болып тұрған жоқ және қарастырылып жатқан жоқ", - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаппарова.

Еске салсақ, Алматыда желтоқсан айында Pfizer препаратын салдырғысы келетін азаматтардың тізімін жасау науқаны басталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951170-almatynyn-bas-sanitar-darigeri-pfizer-di-aqyly-turde-salgyzu-qarastyrylyp-zatqan-zoq/

jitsu gif