jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысының ПД аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктілердің фотосын жариялады

Фото
Алпамыс Мирманов пен Фарух Салықов. Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбе облысы полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген екі ер адамға іздеу жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"29.10.1970 жылы туған қылмыскер Алпамыс Мирманов аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде. Сондай-ақ, 1993 жылы 26 мамырда туған Фарух Салықовқа аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу салынды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінен.

Ведомство іздеу салынғандар туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына мекенжайға келуді сұрайды: Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 271 "А".

Байланыс телефондары: 102, 8 776 546 66 66, 8 701 380 80 30, 8 775 735 79 78, 8 776 765 24 44.

Полиция департаменті ақпарат бергендердің есімі жасырын қалатынын және пайдалы деректер үшін сыйақы берілетінін атап өтті.

Сонымен бірге, ведомство ер адамдарды іздеудің қаңтардағы оқиғаға қатысы жоқ екенін хабарлады.

Ақтөбе облысының ПД аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктілердің фотосын жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.