Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аман келемін": Әскери қызметшінің екі жастағы ұлымен қауышқан сәті елді жылатты (видео)

Опубликовано:

Әскери қызметші
Видеодан кадр: Tik-tok/@kkeennyy___

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі желіде көптің жүрегін елжіреткен ерекше видеоны бөлісті. Онда әскери қызметшінің екі жастағы ұлымен қауышқан сәті көрсетіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Көптен күткен кездесудегі әсерлі сәт. Келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші ефрейтор Асқар Ерасыл және оның екі жасар ұлы Әділет", - делінген министрліктің хабарламасында.

Tik-Tok желісінде аталмыш видео қазірге дейін 27 мыңнан астам лайк жинаған, 700-ге жуық адам пікір қалдырған.

"Кішкентай балапан, әкесін айналып тұрған түрінен сол! Баршасы үйге аман-сау келсе екен. Қазақстанға бейбітшілік тілеймін!", "Әскерилер бізге батыр көрінеді", "Мына видеоны көріп, жыламай отыра алмаймын. Рахмет сендерге, жігіттер! Бас иемін. Аман болыңдар!" " Балалар үшін аман жүріңдер, жауынгерлер!" "Көзге жас алмай қарау мүмкін емес, сізге және отбасыңызға құдай денсаулық, бақытты ғұмыр берсін!", "Жаным, ботақаным, тәп-тәтті болған түріңнен. Аман болсын әкесі", - дейді видеоны көрген желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951177-aman-kelemin-askeri-qyzmetsinin-eki-zastagy-ulymen-qauysqan-sati-eldi-zylatty-video/

pixel