Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ұсталғандардан қару мен тұрмыстық техника тәркіленді (фото)

Опубликовано:

1
Фото: Алматы облыстық ПД

Алматы облысында тонаушыларды ұстау жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері Алматыдағы тонау фактісіне қатысы бар деген күдікпен бірнеше ер адамды ұстаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бірінші жағдайда күдіктілерді ұстауға Бәйтерек ауылының әкімі бастаған, тұрғындардан құралған азаматтық патруль көмектескен.

Дәлірек айтқанда, 7 қаңтар күні олар Volkswagen Vento көлігін тоқтатуға тырысқан. Көліктің дөңгелегі жарылғанына қарамастан, төрт азамат жасырынып үлгерген.

"Салон мен жүксалғышты тексеру барысында теледидар, шаңсорғыш, музыкалық құрылғылар, микрофон мен синтезаторлар, ойыншықтар мен басқа да тұрмыстық техникалар табылған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Айман ауылының 24 және 26 жастағы төрт тұрғыны ұсталды. Ол техниканы Алматыдағы "Мечта" дүкенінен ұрлағаны белгілі болды. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады", - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тәркіленген техника мен күдіктілер Алматы полицейлеріне берілген.

Ал екінші жағдай туралы ақпарат Polisia.kz сайтында жарияланды. 9 қаңтарда Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына Есік қаласының тұрғыны тәртіпсіздік кезінде танысымен бірге Алматыдағы бүліктер мен дүкендер тонауға қатысқаны туралы хабарлама түскен. Ұрланған мүлік олардың үйінде болған.

Көп ұзамай бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2, 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тәртіп сақшылары Есік қаласының 20 жастағы тұрғыны мен Қызылжар ауылының 24 жастағы тұрғынын ұстаған.

Тінту барысында олардан ас үй пышақтары, газ плиталары, спорттық және балалар заттары (джинсы, жемпір, күртеше, кроссовкалар, туфли), бірнеше канистр антифриз, 10 мотор майының ыдысы, 18 энергетикалық сусын алынған.

Одан бөлек, күдіктілердің бірінің жертөлесінен жаппай тәртіпсіздік кезінде шеп құрған полицейлердің 12 патроны бар атыс қаруы, граната және резеңке таяқшасы табылған.

2
Фото: Алматы облыстық ПД

"Анықталғандай, ұсталғандар ұрлық үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бірақ татуласуға байланысты жазадан құтылып кетіп жүрген. Олардың сөзінше, техниканы, заттарды олар Алматыдағы "Технодом" және "Sulpak" дүкендерінен ұрлап кеткен. Май, антифриз, сусындарды "Royal Petrol" және "Sinooil" жанармай бекеттерінен алған.

Ал қаруды көшедегі тәртіпсіздіктер кезінде оларға бейтаныс азамат берген. Олар ұрланған заттарды сатып, түскен ақшаны пайдаланғысы келген", - дейді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

3
Фото: Алматы облыстық ПД

Қазір ұсталғандар мен заттай дәлелдемелер, қылмыстық жолмен алынған заттар тасымалданған Subaru Legacy көлігі Алматы қалалық полиция департаментіне берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951229-beitanys-adam-qaru-bergen-almaty-oblysynda-ustalgandardan-qaru-men-turmystyq-texnika-tarkilendi/

pixel