Еліміздің тағы бір өңірінде төтенше жағдай режимі күшін жойды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысында жарияланған төтенше жағдай режимінің күшін жою туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тиісті құжат Ақорда ресми сайтында жарияланды.
""Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулы мәтінінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951331-elimizdin-tagy-bir-onirinde-totense-zagdai-rezimi-kusin-zoidy/