"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесіне кімдер кіргені белгілі болды
Жарияланған күні:
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің құрамы сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Юрий Пя Қамқоршылық кеңестің төрағасы болды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
- Юрий Пя – "University Medical Center" КҚ басқарма төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
- Аружан Саин– ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Милосердие" ерікті қоғам" қайырымдылық қорының директоры;
- Бахыт Байғалиева - "Орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы;
- Саида Тәуекелова - "Қоғамдық бақылау және мониторинг" РҚБ негізін салушысы, жетекшісі;
- Эльмира Әлиева - "Help Today" ҚҚ төрағасы;
- Ләззат Шығысбаева - "Менің Атамекенім" ҚБ атқарушы директоры;
- Владислав Трифонов - "Жизнь без границ" ҚБ;
- Ирина Смирнова - ҚР парламенті мәжілісінің депутаты;
- Роза Сүлейменова "САТР" ЖШС бас директоры;
- Алмаз Ержан - қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы;
- Ораз Жандосов - "Ракурс" экономикалық сараптама орталығының директоры, экономист;
- Олжас Құдайбергенов - "Center for strategic initiatives" консалтингтік компаниясының аға серіктесі;
- Арманжан Байтасов - "Tan Media Group" иегері, меценат;
- Қайырбек Сүлейменов - ҰҚП "Атамекен" кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы.
Еске сала кетсек, "Қазақстан халқына" қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Қорға бұрынғы экономика министрі Болат Жәмішев басшылық ететін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951368-qazaqstan-xalqyna-qogamdyq-qorynyn-qamqorsylyq-kenesine-kimder-kirgeni-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.