Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде заңсыз шеруге қатысқан бірнеше адам босатылды

Опубликовано:

Қаңтардағы тәртіпсіздік
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ақтөбе, Алматы және Қостанай облыстарында коменданттық сағат тәртібін бұзған, сондай-ақ заңсыз митингтерге қатысқан ондаған адам босатылды. Бұл туралы өңірлік соттардың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облыстық сотының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, сот алқасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 476-бабы, 1-бөлімі, 10-тармағы бойынша жауапқа тартылған 10 адамға қатысты Ақтөбе қаласы әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін қараған.

Бірінші сатыдағы сот барлығына қамауға алу түріндегі жазаны тағайындаған.

"Сот алқасы іс бойынша әкімшілік жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетті. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен 10 адам қамауға алу түріндегі әкімшілік жазадан босатылды", - делінген хабарламада.

Қостанай облысының соты өзінің ресми сайтында Қазақстанда төтенше жағдай режимін, сондай-ақ бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған 21 адамға қатысты әкімшілік істер қаралғанын хабарлады.

"Іс материалдарына сәйкес, коменданттық сағат кезінде 12 құқықбұзушы тұрғылықты жерінен тыс жерде болған (ӘҚбК 476-бабы, 1-бөлімі, 10-тармағы), ал 9 адам облыстық әкімдік жанындағы алаңда бейбіт жиындарды өткізу заңнамасын бұзған", - деп хабарлады соттан.

Олардың бәрі 7 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға алынған. Алайда тағайындалған әкімшілік жазаның жасалған құқықбұзушылықтың сипатына сәйкес келмеуі және құқықбұзушылардың жеке басын ескере отырып, сот алқасы жазаны жеңілдеткен.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қаңтар мен 17 қаңтар аралығында аппеляциялық алқаға 92 іс түскен, оның 60-ы ӘҚбК 476-бабы, 1-бөлімі, 10-тармағы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша және 32-і ӘҚбК 488-бабы (Бейбіт жиындар, митингілер өткізу заңнамасын бұзу) бойынша.

Алқа іс материалдарын жан-жақты зерттей келе, тағайындалған жазаны жеңілдету қажет деген қорытындыға келді.

21 жағдайда айыппұл түріндегі жаза ескертуге ауыстырылды. 71 іс бойынша әкімшілік қамауға алу мерзімі ең төменгі шекке дейін қысқартылып, қамаудан босатылған.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951566-elimizde-zansyz-seruge-qatysqan-birnese-adam-bosatyldy/

pixel