Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы табылды

Опубликовано:

Қару-жарақ
Көрнекі фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

Алматы облысында 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Одан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған атыс қаруы мен күш құрылымы қызметкерлерінің арнайы құралдары тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Күдікті Мұқан Төлебаев ауылында ұсталды. Жас жігіт Талдықорғанда мемлекеттік мекемелерді ойрандауға қатысып, кейін осы ауылда бой тасалаған. Ер адам облыс орталығы аумағында ұрланған қару, оқ-дәрі, каска мен бронежилеттерді жасырғаны анықталды.

"Қоймадан бес оқжатары бар үш Макаров тапаншасы, 9 мм калибрлі оқ-дәрі, үш бронежилет пен екі полицей каскасы тәркіленді", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство ақпаратынша, ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық кодекстің 291-бабы "Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салсақ, 5-6-7 қаңтар күндері Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде облыс әкімдігіне, құқық қорғау органдары бөлімшелеріне, сонымен қатар сауда орталықтары мен дүкендеріне шабуыл жасалды. Кейбір нысандарға өрт қойылып, тоналды. Ұрланғандар арасында атыс қаруы, оқ-дәрі және күш құрылымы қызметкерлерінің арнайы құралдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951581-almaty-oblysynda-auyl-turgynynan-qaru-zaraq-arsenaly-tabyldy/

pixel