Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қай ауданға ең көп зақым келген

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың отырысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров қаладағы дүрбелеңнен ең көп зардап шеккен Алмалы ауданы екенін айтты, деп хабарлайды "Бизнес Штаб Алматы" Telegram каналы.

Алмалы ауданында келесі нысандарға зақым келген:

  • 7 азық-түліктің дүкеніне 13,7 млн теңге;
  • 284 азық-түліктік емес дүкенге 8,3 млрд теңге;
  • 2 қару-жарақ дүкеніне 5,15 млрд теңге;
  • 15 қоғамдық тамақтану орнына 158 млн теңге;
  • 35 ломбардқа 2,62 млрд теңге;
  • 5 жанар-жағармай құю бекетіне 52,5 млн теңге;
  • 25 қаржы ұйымына 145 млн теңге;
  • 29 ірі бизнес нысанына 3,96 млрд теңге және басқа да шығын келген.

Жалпы ауданға тәртіпсіздіктер салдарынан 20,4 млрд теңге шығын келген.

Әуезов ауданында 153 дүкен, оның біреуі қару-жарақ дүкені қираған. 9 қоғамдық тамақтану орны, 21 жанармай құю бекеті мен 10 ірі бизнес орталығына зақым келген. Жалпы шығын 20,1 млрд теңгеге бағалануда.

Бостандық ауданына 17,3 млрд теңгеге шығын келген.

Ал Наурызбай ауданына тәртіпсіздіктер салдарынан 72,5 млн теңге шығын келген.

Еске сала кетсек, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынның алдын ала мөлшерін 112,6 млрд теңгені құрағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951589-almatydagy-tartipsizdik-kezinde-qai-audanga-en-kop-zaqym-kelgen/

pixel