Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әжесіне ренжіген": Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жасар баланы полиция жолдан тауып алды

Опубликовано:

14 жасар бала
полиция: Алматы облысының полиция департаменті

Алматы облысының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен жасөспірімді бес сағат ішінде тауып, ата-анасына табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында сағат 17:00 шамасында Талдықорған қаласы полиция департаментінің кезекші бөліміне Алматы облысы Ақсу ауданының тұрғыны 14 жасар ұлының жоғалғанын айтып арызданған. Арызда көрсеткендей, ол ұлымен бірге Талдықорған қаласына туыстарына келген.

Сағат 14:00 шамасында "баланы құлаттың" деп ұрысқаны үшін әжесіне ренжіп, үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Туыстары жасөспірімді іздеп, таба алмаған соң полицияға арызданған . Аталған факті полицияда тіркеліп, із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған баланы іздестіру ұйымдастырылды", - делінген, полиция таратқан баспасөз хабарламасында.

Белсенді іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Талдықорған қаласы ПБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Жандос Матақпаев жергілікті жерді аралап жүріп, "Қызыл тас" саяжайы маңындағы жолдан жоғалған жасөспірімді тапты.

Профилактикалық әңгімеден кейін полиция қызметкерлері баланы қуанған әкесіне қайтарып, ол өз кезегінде полицейлерге жақсы жұмысы үшін алғыс айтып, қиын жұмыста оларға табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951606-azesine-renzigen-taldyqorganda-iz-tussiz-zogalyp-ketken-14-zasar-balany-policiya-zoldan-tauyp-aldy/

pixel