Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Видеодан кадр: instagram.com/police_almobl

Алматы облысының коменданты Серік Күдебаев мәлімдеме жасады. Оның видеоүндеуі өңірлік полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланды.

"Әлеуметтік желіде жеке тұлғалар ертең, яғни 19 қаңтарда заңсыз митингтер мен шерулерге қатысуға шақырып отыр. Осыған байланысты митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі заңмен реттелетінін есертіңізге саламыз.

Алайда ұйымдастырушылардан жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті хабарламалар мен мәлімдемелер түспеді.

Тиісінше, заңды бұза отырып жүргізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Құрметті жерлестер, сіздерді қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттерге қатысудан аулақ болуға шақырамын", - дейді Алматы облысының бас полицейі.

Осы ретте, ол құқыққорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқықбұзушылықтың жолын кесетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951761-almaty-oblystyq-policiya-departamentinin-bassysy-malimdeme-zasady-video/

pixel