Алматы трагедиясы: Елдің назарына іліккен суреттің авторы табылды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Алматыдағы наразылық кезінде түсірілген танымал фотоның авторы белгілі болды. Қолына ту ұстаған жігітті неміс басылымының журналисі түсірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Біраз күнде танымал болып кеткен фото авторы туралы мәліметті қоғам белсендісі Тоғжан Қожалы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
"Фото авторын таптым. Ол Deutsche Welle басылымының журналисі - Анатолий Иванов-Вайскопф", - деп жазды Тоғжан Қожалы.
Журналист қоғам белсендісіне суретті қашан, қайда түсіргені жөнінде аз-кем ақпарат берген.
"Фотодағы адам қайтыс болған деп жазып жатты. Кейін оны жоққа шығарды. Айта кету керек, 4-нен 5-не қараған түні суық қару қолданылған жоқ болатын. Жеке басым тапаншадан атқанды көрмедім. Бірақ арнайы резеңке оғы бар қару болды. Олардың бір-екеуі менің объективіме де тиді. Фотодағы жігіттің кім екені белгісіз. Оны мен Сәтпаев пен Желтоқсан қиылысында 5 қаңтар күні түнгі 3-те түсірдім", - дейді Анатолий Иванов-Вайскопф.
Тоғжан Қожалы фото кейіпкерінің аман-сау болғанын тілейді. Оның сөзінше, бұл туынды халықаралық байқауға қатысуға лайықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951870-almaty-tragediyasy-eldin-erekse-nazaryna-ilikken-fotonyn-avtory-tabyldy/