jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда шенеуніктерден тәркіленген қаржы есебінен қор құрылуы мүмкін

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бельгия астанасы Брюссельде журналистерге берген сұхбатында Қазақстанда жаңа қор пайда болуы мүмкін екенін жеткізді.

Бұл ақпараты Euractiv порталы бөлісті.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа қоғамдық қор құру жоспары бар екенін жеткізген.

Аталған қор сыбайлас жемқорлық әрекетіне барған шенеуніктерден тәркіленген мүлік есебінен қаржыландырылады деген дерек бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын.

Кейінірек аталған қорды бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішевтің басқаратыны хабарланды.

Қазақстанда шенеуніктерден тәркіленген қаржы есебінен қор құрылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.