Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жергілікті тұрғындардан 30-дан астам қару тәркіленді

Опубликовано:

Алматы
Фото: Polisia.kz

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген төрт күн ішінде Ақмола облысының аумағында заңсыз айналымнан 10 бірлік атыс қаруы, 15 оқ-дәрі, төрт бірлік арнайы құралдар, сондай-ақ 20 бірлік суық қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтарда Атбасар ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 44 жастағы жергілікті тұрғыннан тіркелмеген 12 калибрлі, ТОЗ-34р маркалы екі ұңғылы мылтықты тәркіленді.

Сол күні Ақмола облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау тұрғынының автокөлігінің салонынан және оның жолаушысынан үш пышақ пен кастет таақан.

Ал 17 қаңтарда Бурабай ауданының аумағында жедел уәкілдер жергілікті тұрғынынан тіркелмеген ИЖ-18Е, 16 калибрлі аңшы мылтығын тәркіледі.

Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілетіні белгілі болды.

Сонымен қатар сот-баллистикалық зерттеу тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952066-aqmola-oblysynda-zergilikti-turgyndardan-30-dan-astam-qaru-tarkilendi/

pixel