Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы дүкеннен ұрлаған қару-жарақ таудан табылды (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысының таулы аймағында оңтүстік астанадағы қару-жарақ сататын дүкеннен ұрланған арсенал табылды. Күдікті ретінде 21 жастағы жігіт ұсталған және оған қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 14 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың бірін анықтаған.

Жедел түскен ақпаратқа сәйкес, күдіктіде Алматыдағы қару-жарақ сататын дүкендердің бірінен ұрланған қару болған.

21 жастағы Қызылжар ауылының тұрғыны полицияға жеткізіліп, көп ұзамай бірлесіп жұмыс істеуге келіскен.

"Күдікті жаппай тәртіпсіздік кезінде "Алпамыс" қару-жарақ дүкенінің тоналып жатқанын кездейсоқ байқап қалғанын айтты. Айтуынша, белгісіз біреулер оған сақтау үшін карабин, мылтық және әртүрлі калибрлі көптеген оқ-дәрі берген.

Ұсталған азамат өз еркімен ұрланған қару жасырынған таулы аймақтағы екі құпия орынды көрсетті. Ол жерден Вепрь карабині мен 12 калибрлі МП-27ЕМ қос ауызды аңшы мылтығы, сондай-ақ, әртүрлі қару түрлеріне арналған көптеген патрон табылды", - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Тәркіленген қарулар Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Фото
Фото: Алматы облысы ПД

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952185-almatydagy-dukennen-urlagan-qaru-zaraq-taudan-tabyldy-foto/

pixel