Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір көзін алып тастауы мүмкін": Бір жастан асқан Кәусардың анасы қызының көзін сақтау үшін жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

Кәусар Әбіш.
Кәусар Әбіш. Фото: instagram.com/helpkausar

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты Жаңа ауыл ауылында тұратын Кәусар Әбіш бес айынан бері көздің қатерлі ісігіне шалдықты. Алайда, ауыл дәрігерлері сәбидің диагнозын нақты қоя алмай, сырқат асқына берген. Ата-анасы сәбиді Алматыға келіп қаратқан соң, оның қауіпті дертке шалдыққанын естиді. Бұл жағдай шалғай ауылдағы жас отбасы үшін ауыр соғып отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1 жастан асқан Кәусардың анасы Мадина Какенованың мамандығы - мұғалім. Бүгінде екінші сәбиіне жүкті келіншек қызының көзін аман алып қалу үшін жанұшыра көмек сұрауда. Олар Кәусардың көзіндегі қатерлі дертті кеш байқаған.

"Кәусардың бес айлығында көзінен сарғайған жарық көрінді. Ауыл дәрігерлері қорқатын ештеңе жоқтығын айтып, бір жасында тексеру керектігін ескертті. Ал уақыт өте келе, қызымның көзі қылилана бастады да, дереу Алматыға алып келдік. Мұндағы Көз ауруларын зерттейтін ғылыми институт Кәусарға "ретинобластома" диагнозын қойып отыр. Бұл көзде болатын қатерлі ісік. Бір жасында көздегі ісік үлкейіп кеткен. Сәуір айынан бері біз қызымызды емдету үшін жан-жаққа жүгіріп, білікті дәрігерлер алдына бардық", - дейді Мадина.

Бүгінде бір жастан асқан Кәусардың оң көзіне Алматыда үш рет ота жасалып, 6 курс химиотерапия берілген. Көзіне екі курс укол да қабылдаған. Алайда, нәтиже жоқ.

"Соңғы анализ қорытындысы баланың көзіне қан құйылғанын көрсетті. Отаны жалғастыру мүмкін емес. Жергілікті дәрігерлер көзді орган ретінде сақтай алмайтынын айтуда. Қызымның бір көзін алып тастаймыз дегені жаныма қатты батты. Бізге Швейцарияның Лозанна қаласындағы көз онкологиясын емдейтін емхана үміт сыйлап тұр. Олар бізге шақырту жіберіп, 14 ақпанға дейін келуімізді ескертті. Алайда, ота құны 37 миллион теңгені құрайды.

Бұл соманы біздің қалтамыз көтермейді. Қазіргі таңда бес миллион теңгедей жиналды. Осы орайда, қасиетті жұма күні халықтан көмек сұраймыз. Қызымның көру қабілеті болмаса да, орган ретінде көзін сақтап қалғымыз келеді. Ота белгіленген күнге санаулы уақыт қалды, біздің қаражатымыз жетпей тұр. Сіздерден жалынып көмек сұраймыз, Кәусардың көзін сақтап қалуға қол ұшын созыңыздаршы", - дейді сәбидің анасы Мадина Какенова.

  • Кәусарға көмектесем деушілер үшін реквизиттер төмендегідей:
  • Kaspi Gold
  • тел. номері: 8 707 988 19 37 Мадина К, анасы
  • карта номері: 4400 4301 6800 4262
  • Halyk Bank
  • тел. номері: 8 775 867 44 91
  • карта номері: 5354 5100 6671 0228
  • Кәкенова Мәдина, анасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1952226-bir-kozin-alyp-tastauy-mumkin-bir-zastan-asqan-kausardyn-anasy-qyzynyn-kozin-saqtau-usin-zanusyra-komek-surauda/

pixel