ТЖ режимі аяқталғанымен кей өңірлерде блок-бекеттер алынбайды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен бірқатар өңірде блок-бекеттер сақталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ол министрліктің ақпарат алаңында өткен брифингіде мәлім етті.

"Ішкі істер министрлігі құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осы жылдың 19 қаңтарынан бастап Төтенше жаңдай режимінің күші жойылуына байланысты еліміздің барлық өңірлерінде "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Бұл ретте жеке құрам ерекше режим жағдайында қоғамдық тәртіпті қадағалауын жалғастырады. Жекелеген өңірлерде жедел жағдайларды ескере отырып, тыйым салынған заттарды тасымалдау тұрғысынан автокөлікті тексеру бойынша блок-бекеттердің не болмаса шеп бекеттерінің жұмысы жалғастырылады" , - деді Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ, ол шерудің соңын тәртіпсіздікке ұластырғандарды ұстап, қару-жарақ жасырылуы ықтимал орындарды анықтау үшін иесіз үйлер мен саяжайлар, жалдамалы пәтерлер тексеріліп жатқанын ескертті.

"Лаңкестік шабуылға қатысушылар мен қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша жалдамалы пәтерлер, иесіз үйлер, саяжай құрылыстары және өзге де обьектілер тексерілуде. Бейнебақылау камералары арқылы, сондай-ақ азаматтардан келіп түсетін материалдарды ескере отырып, бөтеннің мүлкін жоюға не бүлдіруге қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша іс-шарлар жүргізілуде", - деді министрліктің ресми өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952628-tz-rezimi-ayaqtalganymen-kei-onirlerde-blok-beketter-alynbaidy/