Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда арықтан оқ өтпейтін кеудешелер мен атыс қаруы табылды (фото)

Опубликовано:

Қару-жарақ
Фото: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі

Таразда арықтан қаптарға салынған арнайы құралдар мен атыс қаруы табылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өңірде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда. 23 қаңтарда рейд барысында полицейлер арықтан қаптарға салынған оқ өтпейтін кеудешелер мен жалпақ саңылауы бар "Эскорт" маркалы атыс қаруын тауып алған.

2
Фото: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі

Аталмыш факті бойынша, арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалған. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда полиция қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы өз еркімен хабарлаған адамдар немесе оларды полицияға тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды.

Құзырлы орган адамдардың есімі құпия сақталатынына кепілдік беріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952692-tarazda-aryqtan-oq-otpeitin-keudese-men-atys-qaruy-tabyldy-foto/

pixel