Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде "жасыл" мәртебе бойынша жұмыс істейтін нысандар үшін карантин жеңілдетіледі

Жарияланған күні:

ашық жобасы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

24 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - пандемия кезеңінде бизнес қызметін қамтамасыз ету үшін шектеу шараларын қайта қарау болды.

Себебі, бұған дейін отандық бизнес өкілдерімен кездесуде мемлекет басшысы осы бойынша тапсырма берген болатын.

Талқылау қорытындысы бойынша ВАК Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған бизнес субъектілерінің қызметіне шектеулерді азайту жөніндегі шараларды қолдады.

Атап айтқанда, барлық аймақтарда ("жасыл", "сары", "қызыл") қызметкерлер мен келушілердің "жасыл" мәртебесі бойынша жұмыс істейтін объектілер үшін карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, "көк" мәртебесі бар келушілер үшін де карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылданып отыр. Бірақ бұл жерде өңірдің коронавирустың таралуы бойынша қандай аймақта орналасқанына байланысты болады. Мәселен:

  • "жасыл аймақта" "көк" мәртебесі бар келушілер үшін шектеу жоқ;
  • "сары", "қызыл" аймақтарда карантиндік шектеулерді толымдылықты арттыру бойынша жеңілдету және жұмыс режимі бойынша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды.

Вице-премьер карантиндік шектеулерді алып тастау кәсіпкерлер тарапынан санитариялық талаптарды мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету бойынша жауапты қадамдарды талап ететінін атап өтті.

Ералы Тоғжанов COVID-19 инфекциясының өте жұқпалы нұсқасы болып табылатын "омикрон" штамының тез таралуына байланысты қазіргі қиын жағдайда ВАК эпидемиологиялық жағдайды түзету үшін барлық ресурстарды жұмылдыруды ұсынғанын және басты басымдық халықты вакцинациялау және ревакцинациялау екенін де айтты.

Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952768-elimizde-zasyl-martebe-boiynsa-zumys-isteitin-nysandar-usin-karantin-zenildetiledi/