Қазақстан командасы Бейжің олимпиадасына ертең ұшып кетеді
Опубликовано:

Қазақстандық спортшылар Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ертең, 27 қаңтарда ұшып кетеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтаннан Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады. Ал шетелдерде жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге барады.
Қазіргі уақытта қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан.
Айта кетейік, Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті мен Халықаралық олимпиада комитеті ойынға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін қатал шаралар қолдануда.
Спортшыларға күнделікті жүріс-тұрысын енгізіп отыратын "плейбук" шығарылды.
Еске сала кетсек, қысқы олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Жалпы 109 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953030-qazaqstan-komandasy-beizin-olimpiadasyna-erten-usyp-ketedi/