СҚО-да ауыл әкімі әскерге бару үшін қызметінен бас тартқан

Опубликовано:

Сарбаз
Жалғас Асқар. Видеодан кадр: Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі ауыл әкімінің міндетін атқарып жүріп, отан алдындағы борышын өтеу үшін қызметінен кеткен сарбаз жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Жалғас Асқар Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасов ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарып жүрген.

2021 жылдың көктемінде ол әскер қатарына шақырылған. Жас жігіт бұған бірден келісімін берген.

Қазір, Асқар Жалғас Қапшағайдағы 65229 әскери бөлімде отан алдындағы борышын өтеп жатыр.

Асқар Жалғас 2001 жылы Петропавлда өмірге келген. Қазақ мектеп-гимназиясында білім алған. 9 сыныптан кейін құрылыс-экономика колледжіне түсіп, "заңгер" мамандығын меңгерген.

"Колледждегі оқуымды бітірген соң Спасов ауылының әкімдігіне жетекші маман ретінде жұмысқа тұрдым. Жақсы нәтиже көрсеткен мені ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындады.

Қызметіме қарамастан, менің әскерге барғым келді. Әуе қорғанысы күштеріне шақырылып, сарбаз-атқыш ретінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонына келдім. Мен көп нәрсені үйрендім және менің достарым да көбейді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953095-sqo-da-askerge-baru-usin-auyl-akimi-qyzmetinen-bas-tartqan-zigit-zaily-ne-bilemiz-video/