Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктен кейін 73 қылмыстық іс қозғалған

Опубликовано:

Тараз
Тараз қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде өрттенген көлік. Фото: NUR.KZ

Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктен кейін 73 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полковник 4-7 қаңтар аралығында Тараз қаласында заңсыз митингтер ғимараттарды өртеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды өлтіру секілді жаппай тәртіпсіздікке ұласқанын мәлім етті.

Бүгінгі күні осыған байланысты 73 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 64 қылмыстық істі полиция департаменті тіркеген.

Темірбек Оразымбетовтың сөзінше, жаппай тәртіпсіздік кезінде 15 адам алған жарақатынан қайтыс болып, 280 адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемелерге жүгінген.

Күдікті ретінде 66 адам ұсталған. Олардың 8-і кәмелет жасына толмағандар.

Атап айтқанда, 61 адам сот қаулысымен қамауға алынған, 2 адам үй қамаққа жіберіліп, қалған үшеуіне қатысты іс әлі қаралып жатыр.

Сонымен қатар, Темірбек Оразымбетов қылмыстық істерге қатысты азаматтарды ұстау, жеткізу немесе тергеу барысында құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлері тарапынан адам құқықтарын бұзу жағдайлары тіркелсе, Жамбыл облысының жауапты прокуроры Дархан Мұратұлы Сатыбалдиевке хабарласу керектігін еске салды.

Онымен байланыс нөмірлері: 8 771 889 00 99 және 8-7262-45-43-79, 8-7262-45-15-01.

Сонымен бірге, құзырлы орган өкілі Жамбыл облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына да хабарласуға болатынын айтты. Ол үшін телефон нөмірлері: 8 701 072 70 00, 8 (7262) 45-43-39.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953100-zambyl-oblysynda-zappai-tartipsizdikten-keiin-73-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel