Алматы шекарасында блокбекеттер қалай жұмыс істейді
Опубликовано:

Кеше Алматы террористік қауіптің шекті "қызыл" деңгейінен "қызғылт сарыға" ауысты. Алайда қала шекарасындағы блокбекеттер әлі жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшісі, аға сержант Дамир Қазтайдың айтуынша, полицейлер көліктерді тоқтатып, қару-жарақ, тіркелмеген ұялы телефондар мен гаджеттердің бар-жоғын тексереді.

Белгілі болғандай, кезекшілікті екі ведомство бірлесіп атқарады: ішкі істер органдарына блокбекеттерде кезекшілікті ақтаруға көмектесу үшін қосымша күш ретінде әскерилер тартылған.

Дамир Қазтай блокбекеттерді күзету және қорғау үшін арнайы жоспар қарастырылғанын алға тартты. Шабуыл жасалған жағдайда бұл туралы блокбекеттің қолбасшысына хабарланады, ол нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді, дейді Дамир.




Айта кетейік, 26 қаңтар сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция режимі аяқталып, террористік қауіптің шекті "қызыл" деңгейі алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953141-almaty-sekarasynda-blokbeketter-qalai-zumys-isteidi/