Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Бақауовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылмады

Опубликовано:

Сотталған экс-әкім Болат Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сотқа өтініш жасады. Сот отырысында Бақауов пен оның қорғаушылары оған бірнеше рет оң мінездеме берген. Сондай-ақ, қылмыстық-іс атқару жүйесі департаментінің қызметкері де өтінішті қанағаттандыруды сұраған. Алайда бұған прокурор қарсылық танытқан. Нәтижесінде экс-шенеуніктің өтініші қанағаттандырылмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сотталушы Бақауов Болат Жұмабекұлы, Қылмыстық кодекстің 72-бабы 8-бөлігі бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынғандықтан, сіздің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішіңіз қанағаттандырылмады.

Бұл талаптар Қылмыстық-атқару кодексінің 22-бабында да көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, сотталушыларға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану жазаны өтеу кезінде мүмкін екендігі айтылған.

Қылмыстық кодекстің 72-бабы 8-бөлігінде көзделген ауыр қылмыстық құқықбұзушылық жасағаныңызға байланысты сот сіздің өтінішіңізді қанағаттандырмады", - дейді Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Қуаныш Төлебаев.

Бұрынғы әкім әлі 6 ай 22 күн жазасын өтеуі керек.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың мамыр айында сот үкімімен Болат Бақауовтың 3,5 жылға бас бостандығы шектелген еді.

Ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953150-bolat-baqauovtyn-sartty-turde-merziminen-buryn-bosatu-turaly-otinisi-qanagattandyrylmady/

pixel