Тәртіпсіздік кезінде пойыз жолаушыларына тамақ тасыған Төретам тұрғындарына ел риза болды
Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде жолда тұрып қалған пойыз жолаушыларына Қызылорда облысы Төретам станциясының тұрғындары ерекше ықылас көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
4 қаңтар күні сағат түнгі үш шамасында "Атырау-Алматы" жолаушылар пойызы Төретам станциясына тоқтаған. Алматыдағы тәртіпсіздікке байланысты орта жолда қалған жолаушыларды жергілікті халық жақсы қарсы алды.
Олар вокзал басында ыстық тағам таратып, ас-сусыз қалған тұрғындарға қызмет көрсеткен.
Жергілікті тұрғындардың мұндай әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті. Олар қиын күнде қолдау көрсеткен адамдардың мейірімі мен адамгершілігіне риза болуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953295-tartipsizdik-kezinde-poiyz-zolausylaryna-tamaq-tasygan-toretam-turgyndaryna-el-riza-boldy-video/