Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үш әйел тұрғындарды 400 млн теңгеге сан соқтырып кетті

Жарияланған күні:

Человек стоит в наручниках
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкенттің құқық қорғау қызметкерлері алаяқтық жасады деген айыппен күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Өткен жылдың күзінде қаладағы дүкендердің бірінде үш әйел қала тұрғынының біріне келіп, тез баюдың жолын ұсынған. Олар тұрғынды бір миллион теңге көлемінде несие алуға көндіреді.

300 мың теңгені несиені алып берген адам, ал қалған 700 мың теңгені өздері алған. Ал несиені өзіміз төлейміз деп сендіріп, ақыр соңында сан соқтырып кетеді. Несие төлейтін уақыт жақындағанда телефонын алмай, із-түссіз жоқ болып кетеді. Артынша жәбірленуші полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері куәгерлермен сөйлесіп, күдіктілер жүруі мүмкін деген жерлердегі бейнебақылау жазбаларын көріп шығады. Көп ұзамай жедел уәкілдер олардың ізіне түсіп, күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды қамауға алды. Үшеуі де Түркістан облысының тумалары болып шықты.

Тергеу барысында осыған ұқсас әрекеттері арқылы күдіктілер 500-ге жуық адамды алдағаны белгілі болды. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 400 миллион теңгені құрайды.

“Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш азаматша анықталды. Олар тұрғындардың сеніміне кіріп, бір жоспар бойынша қылмыс жасаған. Олар күдікті деп танылып, қамауға алынды”, – деді Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданы АПБ тергеушісі Спандияр Зайнидин.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953327-symkentte-us-aiel-turgyndardy-400-mln-tengege-san-soqtyryp-ketti/