"Барлық құжат өртеніп кетті": Алматы әкімдігі трамплинді салған құрылысшылар наразылығына жауап берді
Жарияланған күні:
Алматыдағы трамплин кешенінің құрылысшылары президентке үндеу жасады. Олардың сөзінше, жобаның қолданысқа берілгеніне 10 жылдан асса да, әлі күнге дейін жалақыларын алмаған. Ал қалалық әкімдік ақша төленгенін айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Азия ойындарына арналған "Сұңқар" кешенінің құрылысшылары туралы біздің порталда бірнеше материал жарық көрді. Жұмысшылар 2011 жылы құрылыста істеп жүрген кезде оларға тиісті ақша төленбей жүргенін, дегенмен фирма Азия ойындары біткен соң бірден жалақыны беруге уәде еткенін айтты. Алайда құрылысшылар сол күйі қаражатын алмаған көрінеді.
"Біздің Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің төңірегінде туындаған жағдайды түзетуге көмектесуі үшін үндеу жасауға мүмкіндігіміз бар. Барлық мән-жайды әділ түрде анықтау үшін президент мырза, сіздің ақшаның қайда кеткенін анықтау үшін трамплин бойынша жарлығыңыз немесе бұйрығыңыз қажет, өйткені мердігер қарызға батқан", - деді Александар Веденко.
Құрылысшылар кешен мердігердің ақшасына салынғанын айтады. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған. Бірақ кейінірек, жеке меншік иесі өзін банкрот деп жариялаған.
Олардың сөзінше, бірнеше сот процесінен кейін жұмысшыларға қарыздың бір бөлігі төленген. Алайда Алматы әкімдігі барлық 58 млн теңгені төлегенін мәлімдеді.
"Алматы әкімдігі жанып кетті. Барлық құжат жанып кетті. Біз "Құрылыс" ЖШС қызметкерлеріне жалақы қарызы бойынша 2015-2016 жылдары бастапқыда жазылған барлық қарызды төледік. Бірақ олардың араларында жағдайды пайдаланып, бопсалап жүрген қандай да бір адамдар бар. Егер олардың ақша төленбегені туралы нақты айғақтары болса көрсетсін", - деді Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953433-barlyq-quzat-ortenip-ketti-almaty-akimdigi-tramplin-qurylyssylarynyn-narazylygyna-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.