Қазақстанның оңтүстігінде жарықтың не себепті сөнгені хабарланды
Жарияланған күні:
Қазақстандық энергетикалық желілерді басқару жөніндегі KEGOC компаниясы үш елде бірден орын алған ауқымды электр қуатын өшірудің майнингтік компанияларға қатысы жоқ екенін айтты. Мәлімдеме оператордың ресми сайтында жарияланды.
KEGOC хабарлауынша, апат цифрлық майнингпен байланысты емес. Қысқа тұйықталу болып, соның салдарынан Өзбекстандағы Сырдария ЖЭО-да 6 энергоблок өшіп қалған. Генерацияның жалпы жоғалуы 1500 МВт құрады.
"Өзбекстанның энергожүйесінде пайда болған электр қуатының тапшылығы Өзбекстан және Қырғызстанның энергетикалық жүйелерімен параллель жұмыс істеуге қосылған Қазақстанның энергетикалық жүйесінен рұқсат етілмеген энергия қуатын алуға әкелді. Нәтижесінде "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстігі" 500 кВ транзитіне шамадан тыс жүктеме түсіп, кейін ол қайта жүктелді", - деп хабарлады KEGOC.
Дегенмен, Қазақстанда әлі де электр қуатының тапшылығы бар екені атап өтілді.
"Айта кету керек, орын алған апат цифрлық майнингпен айналысатын тұтынушылардың қызметіне қатысы жоқ. Цифрлық майнингпен айналысатын тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың жетіспеушілігіне қатысты Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр жүйесінде электр энергиясының тапшылығы сақталып отырғанын хабарлаймыз.
Тапшылықтың негізгі факторлары – электр станцияларындағы апаттардың жоғары деңгейі және соңғы жылдағыдан электр энергиясын тұтынудың 3 есеге, яғни 6 пайызға артуы", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 25 қаңтар күні Алматы, Шымкент қаласы мен Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстанда жарық сөнген еді. Бірнеше сағаттан кейін тұтынушыларға электр қуаты қайта берілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953468-qazaqstannyn-ontustiginde-zaryqtyn-ne-sebepti-songeni-xabarlandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.