jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды

тұман77
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды деп, хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 қаңтарда республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жел, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

31 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

31 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

31 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында да тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

31 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында да бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі, облыстың батысында желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

31 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

31 қаңтарда түнде Алматы облысының шығысында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.