Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"16 жасымда ұзатылдым": Әмеңгерлікпен тұрмыс құрып, 27 шөбере сүйген әжей өміріндегі ерекше естелігін айтып берді

Опубликовано:

Қызылордалық әжей
Аманкүл Қоржымбаева. Фото: жеке мұрағат

Қызылорда қаласының тұрғыны Аманкүл Қоржымбаева 28 немере, 27 шөбере сүйіп отырған бақытты әжей. Бүгінде 79 жастағы зейнеткер үлкен әулетті айрандай ұйытып отыр. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Аманкүл әжей анасының ырымдап қойған есімі соғыстағы ағасына қалай көмектескенін баяндап берді.

Аманкүл әжейдің айтуынша, өзі 1942 жылдың 7 желтоқсанында жалғыз ағасы Мұрат соғысқа кеткеннен кейін бір жылдан соң дүниеге келген.

Жалғыз ұлының соғыстан аман келуін тілеп, анасы атын Аманкүл қойған екен.

"Өкінішке қарай, анам мені босанғаннан кейін жазылмас дертке шалдығып, көп ұзамай қайтыс болады. Көзі тірісінде жалғыз ұлына, яғни, менің ағама жиі хат жазып тұратын.

"Балам, сен соғыстан аман келсін деп, қарындасыңның есімін Аманкүл қойдым. Соғыстан елге оралып, қарындасыңа көзіңді салып, қарайлап жүр. Менің айналаммен қоштасатын уақытым жақын. Сен қайтсең де осы қыз бала үшін соғыстан аман келіп, қарындасыңа қарайла", - деп, майдан шебіндегі ұлына талай хат жолдаған. Бірақ соғыс аяқталғанына біраз жыл болса да, ағамнан еш хабар келмеді", - дейді ол.

Аманкүл әжей әкесінен он жасында, анасынан жеті жасында айырылып, жетім қалған. Бала жүрегі ағасының аман келерін сезіп, соғыс бітсе де, туған бауырынан үмітін үзбеген.

"Соғыс аяқталған соң ауылда жолға жиі қарап, шинель киген әр солдатты ағам деп ойлайтынмын. Ол кезде соғыстан келгендерді ерекше күтетін едік. 1949 жылы жолға қарайлап жүргенде, бір адамның қарасы көрінді. Әке-шешеден айырылып, бауырымды сарыла күтіп жүрген мені Алла ағаммен қауыштырды. Жол бойында келе жатқан ағам екен.

"Сен үшін оралдым, қарындасым. Сен маған күш-қуат беріп, жетелеп әкелдің еліме", - деп айтқаны әлі күнге дейін жадымда", - дейді зейнеткер.

Аманкүл Әлібайқызы он алты жасында ұзатылған. Ерте жастан отбасы құрған әжейдің ең үлкен шөбересі 17 жаста.

Тағдырдың жазуымен бірінші күйеуі жол апатына ұшырап, екінші рет әмеңгерлік жолмен қайнысына тұрмысқа шыққан. Бүгінде сегіз бала тәрбиелеп, немере-шөбере сүйіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953727-16-zasymda-uzatyldym-amengerlikpen-turmys-quryp-27-sobere-suigen-azei-omirindegi-erekse-esteligin-aityp-berdi/

pixel